
Сіздердің назарларыңызға ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі 2026 жылға берілген Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегінің 53-ыншы шығарылымын ұсынып отыр. Бұл басылымға өлкеміздің атаулы тарихи оқиғалары, Қостанай өңірінен шыққан немесе біздің облыста қызмет атқарған атақты адамдардың мерейтойлары, мекемелер мен кәсіпорындардың және т. б. мерейтойлық даталары енгізілген. Сіз Қостанай облысының 2026 жылға арналған күндер мен оқиғалар күнтізбесін жүктеп, онымен толық таныса аласыз.





