«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын өткізу шеңберінде Федоров аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап» тақырыбында бейне шолуын жасады. Кітапханашы көрмеде ұсынылған әдебиеттер туралы айтып, прозаға толығырақ тоқталды. Мына авторлардың кітаптарына С.Досжановтың «Қасірет пен тағдыр» Д. Қуаттың «Бөрісоқпақ», Т. Жұмағамбетовтың «Отамалы» және Т. Сәукетаевтың «Желқайық» егжей- тегжейлі бейне шолу жасалды. Бұл жазушылардың шығармалары алғашқы беттерінен бастап қалың оқырман қауымға қызықты болады
Сілтеме: https://ok.ru/video/2822867847766