23 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін мерекелеу аясында аудандық балалар кітапханасында «Кітап - ғажайып әлем!» тақырыбында әдеби ойын өткізілді. Балалар кітапханашылармен бірге «Әдебиет» еліне саяхат жасады. Саяхат кезінде балалар белгілі шығармалар бойынша өз білімдерімен бөлісіп қана қоймай, «Өлеңдер ұйқасында» өз күштерін сынап көрді. «Ертегі құрастыр» байқауында балалар басты кейіпкер Дымбілмеспен бірге шағын ертегілердің суретін салып, өлеңдер құрастырды байқау өте қызықты өтті. Саяхат соңында барлық балалар флэшмобқа қатысты. Балалар «Әдебиет» сиқырлы елінен кеткісі келмеді және күнделікті кітапханаға келіп тұруға уәде берді.