Мамыр айының алғашқы күндерінде Қазақстан ең ізгі және жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күнін атап өтеді. Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында бірге олар – бір тату халық. Федоров аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері және Федоров ауданының «Ұлтаралық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі «Ежелгі жердегі игі дәстүрлер» этнографиялық калейдоскопын ұсынып, барлығын шын жүректен ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні – достық, түсіністік және келісім мерекесімен құттықтады. Іс-шара барысында біздің ауылда, яғни, Федоров ауданында, көптеген ұлт өкілдері тұрады және олардың өз дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар екендігі атап өтілді. Пайдаланушыларды осы мерекеге арналған тақырыптық әдебиеттерден тұратын «Халық бірлігі - ел күші» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысуға шақырды. Іс-шара бейнероликпен сүйемелденді.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2900238666326