Көрме 21 мамырда Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтіледі. Бұл күні «Жастар» МҮ ауданымызда осы саланың қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау өтті. Кітапханашылар осы күнге орай «Жастар» мәдениет үйінің фойесінде «Тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет» тақырыбында көрме орналастырды.
Онда Федоров ауданының мәдениеті мен өнер қызметкерлері туралы мақалалардан тұратын кітаптар, журналдар, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында көптеген байқауларға, фестивальдарға және басқа да іс-шараларға қатысқаны үшін алынған әр түрлі дипломдар, статуэткалар және ақшалай сыйлықтардың сертификаттары. Көрме мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған мерекелік концертті өзінің әдемі ресімделуімен толықтырды.