«Время Ч» онлайн – жобасы аясында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Ғасырлар айнасындағы кіші Отан» тақырыбындағы библио-гидтің кезекті шығарылымында өлкетану әдебиеті жайында айтып, әлеуметтік желілерде орналастырды. Кітапханада «Федоров ауданы: оқиғалар мен адамдар» тақырыбында тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда өлкеміздің тарихы, оны әр уақытта дәріптеген атақты еңбекқор адамдар жайында материалдар қамтылған өлкетану әдебиеті ұсынылған. Көрмеде жергілікті авторлар жазған көркем туындылар да бар. Жүргізушілер бұл кітаптар жайында да айтып өтті. Библио-гидті тақырыптық бейнеролик толықтырды.
Сілтеме: https://youtu.be/1ujbe8V_7UI