Бейнеролик
Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары «Менің Әнұраным, менің туым, менің елім!»атты бейнеролик дайындады. Бейнероликте кітапханашы Мемлекеттік рәміздердің пайда болу мен еліміздің қалыптасу тарихын, қазақстандық патриотизмді нығайтудың факторы ретінде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасуын, сондай-ақ тәуелсіз мемлекетіміздің құндылықтары мен жетістіктерін бейнелейтін әдебиеттерді ұсынды.