«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25

20 сәуір күні Федоров аудандық балалар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №2 қазақ орта мектебінің 6 сынып оқушыларымен  «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларына арналған «Адамгершілік ақ жолға» атты әдеби кеш өткізді.

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін көпшілікке танымал ету, қоғамның кітап оқуға және Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын арттырып, өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал ету. Әдеби кеш  «Бір ел, бір кітап» акциясының тарихымен басталды. Кеш барысында қатысушылар Ш.Құдайбердіұлының шығармаларынан өлеңдерін, «Қалқаман-Мамыр », « Еңлік-Кебек», поэмаларын  оқыды.  Даналық пен жауап­кер­­шілікке, адалдық пен мей­ірім­­ділікке үндейтін Шәкә­рім шығармаларынан әр адам сусындап өсуі керек де­ген ойларын ортаға салды.Ақынның шығармалары жайында өзара пікір алмасты.Ақынның өмірі мен шығармашылығынан құрастырылған викториналық сұрақтарға белсенді жауап беріп, қатысушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлы жайында мәлімет берілген шағын буклеттер таратылды. Қатысушылар саны: 15