«Адалдық алаңы» аясында «Парасат жолы» орталығында заң кеңесшісі Черная Татьяна Александровнамен кездесу өтті. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін заңдық жауапкершілік» тақырыбындағы құқық сағаты ақпараттық сипатта болды. Кездесу қонағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының қандай болатындығы және оларға қандай жаза қолданылатыны, сондай-ақ азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсінбесе, елеулі оң өзгерістер болмауы мүмкін екендігі туралы айтты. «..Бұл кез - келген ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның тиімді құралы болған қоғамдық бақылауды шебер қолдану болды», - деп кездесуді қорытындылады Татьяна Александровна.
Сілтеме: https://youtu.be/0XJS76wWCpA