29 шілдеде Қостанай облысының құрылғанына 85 жыл (1936). Осы күнге Федоров орталық кітапханасының кітапханашылары мен мұрағат қызметкерлері «Туған жердің жарығы» тақырыбындағы өлкетану бейне - лекторийін дайындады. Онда Қостанай облысының құрылуы мен қалыптасу тарихы туралы айтылып, туған өлке, оның қазіргі экономикалық әлеуеті, рухани саласы, таңғажайып табиғаты сұлулығы, сондай - ақ оны Қостанай облысынан тысқары жерлерде даңқтаған адамдар жайында қызықты фото-материалдар, кітаптар, бейнесюжеттер ұсынылған.
Сілтеме: https://youtu.be/j_1oCzFt3oM