Биыл Қазақстанда қазақтың ұлы ойшылы, ақын, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 176 жыл толады. 10 тамызда аталып өтілетін Абай күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасында «Абай әлемі» QR – Inform құрылды, онда ақын, қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы ақпарат орналастырылған. Абайдың баға жетпес мұрасы қазақтың ұлттық мәдениетіне зор әсерін тигізді. Оның еңбектері осы күнге дейін бүкіл елдің қоғамдық және мәдени өмірінің бағдарларын анықтайды. QR-Inform орталық аудандық және балалар кітапханаларында, «Жастар» мәдениет үйінде, Абай атындағы №1 және М.Маметова атындағы №4 ОМ орналастырылды. Әрбір адам қажетті ақпаратты «QR – сканер» мобильді қосымшасы арқылы ала алады.