«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 21.08.25

Тіл – достық көпірі

Вівторок, 05 жовтня 2021

  Жыл сайын Қазақстанда Тілдер күні аталып өтіледі. Бұл Қазақстанның барша  халықтары үшін ортақ мереке. Көп ұлтты тілдер мерекесінің негізінде мынадай идея жатыр: «Әрбір тіл – бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке баға жетпес үлес». 3 қыркүйекте Лесной ауылдық кітапханасының кітапханашысы осы күнге орай «Тіл-достық көпірі» әңгіме – викторинасын өткізді. Іс-шараға 2 сынып оқушылары қатысты. Балалар үш тілдің білгірі ретінде жарыса отырып, көптеген қызықты тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, ойында тапқырлық танытты. Қатысушылардың назарына «Дәстүрді сақта, дәріптеу» кітап көрмесі ұсынылды.