Лингво-фреш
Біз бәріміз бір әдемі елде дүниеге келдік, бірақ біз әртүрлі тілдерде сөйлейміз. Себебі, Қазақстан-көпұлтты мемлекет. Әрбір халық үшін оның ана тілі – ең сүйікті, ал бірнеше тілді меңгеру адамды білімді, жан-жақты дамыған, көпшіл етеді. Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары ҚР халықтарының тілдері күніне орай «Әр тіл-тұтас бір әлем» тақырыбында лингво – фреш дайындады, онда украин, қазақ, неміс, орыс және басқа да тілдерде белгілі авторлардың құттықтаулары мен өлеңдері оқылды. Кітапханашылар өз іс-шараларында көпұлтты тілдер мерекесінің негізінде мынадай идея тұрғанын көрсетті: әрбір тіл - бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет-әлемдік өркениетке қосқан баға жетпес үлес.
Сілтеме: https://youtu.be/Slo0Mgv-c9o