«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 21.08.25

Қазіргі қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Четвер, 25 листопада 2021

«Парасаттылық марафоны» акциясы аясында 24 қараша күні  Федоров орталық аудандық кітапханасы «Қазіргі қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға: Баймурзин Дегенбай Ерболатұлы -  Федоров полиция бөлімі ардагерлер ұйымы мен билер  кеңесі мүшесі, Баймурзина Әсия Нұрахметқызы - ұстаз, Исенғазина Ксения Валерьевна – аудандық саясаткер әйелдер клубының төрайымы; Сложеникина Ольга Юрьевна – аудан әкімінің кеңесшісі, «Парасат жолы» орталығының жұмыс тобы жетекшісі, кітапхана қызметкерлері. Барлық қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне теріс көзқарастарын білдірді. Инабаттылық ұлттың рухани өзегіне, озық қоғамда өмір сүру нормасына айналуы тиіс, өйткені еңбекке, өзіне және айналамызға деген парасатты да адал қатынас – ел табысының басты факторы.