Байқауға аудан округінен 10 адам қатысты. Оқырмандардың орындауында Ксения Земскованың, Асель Татаеваның, Елена Клепикованың, Екатерина Ефименконың, Әлсейіт Ақпанбетұлы және тағы басқа көпдеген ақындардың проза үзінділері оқылды. Қатысушылар үлкен қуанышпен және шынайылықпен өздерінің тәжірибелерін баяндап, ырғақ пен әуенді тыңдай отырып, Қазақстанның мәдени байлығы мен тілдік әртүрлілігін бейнелейтін шығармалардан үзінділерді оқыды. Дарья Джумангельдинованың «Ергали по прозвищу Кошмарик» деп аталатын әңгімесінен Сукурманов Константиннің (№1 ОМ) оқуында, Паладуца Ольга (Придорожный ауылдық кітапханасы) Елена Клепикованың «Сказка о плотине» ертегісін, Баштанник Диана (Копыченко ауылдық кітапханасы) Умит Тажикеновтың «Исповедь» әңгімесін және басқада қатысушылардың оқыған өлеңдері барлық тыңдармандардың назарына ілікті. Байқаудың аты байқау, сол себепті жеңімпазды анықтау қажет. Пешков ауылының кітапханасынан Трушкин Валерия Евгения Титаеваның «Сказка о трех одуванчиках» шығармасынан үзіндіні нақышына келтіріп оқығаны үшін жеңімпаз атанды. Валерия V облыстық мәнерлеп оқу байқауын біздің ауданымыздың атынан қорғайтын болады. Сонымен қатар қатысушылар төмендегі номинациялармен марапатталды: «Әртістігі үшін» - Баштанник Диана (Копыченко ауылдық кітапханасы), «Мирас» - Жанабергенова Айгерім (№2 ОМ), «Кітапхана таңдауы» - Гончарук Мария (Костряков ауылдық кітапханасы). Байқау сынағы жеңімпаздарға дипломдар мен марапаттарды табыстаумен аяқталды. 36 адам қатысты.