Дәстүрлі қысқы мерекелерге – Жаңа жылға және Рождествоға Федоров орталық аудандық кітапханасында «Кітап беттеріндегі Рождество» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда мерекелердің тарихы, қолданыстағы дәстүрлер мен рәсімдер туралы әдебиеттер, сондай-ақ мерекелік тағамдарға арналған мәзірлер және мерекені жарқын және есте қаларлық етіп өткізу туралы пайдалы кеңестер бар.