«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 21.08.25

Кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы, КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 100 – ден астам ғылыми еңбектердің авторы, Қазақ КСР ҒА академигі Д.А. Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына орай Федоров орталық аудандық кітапханасында «Дәуір-адамы» тақырыбында әдебиеттер қаралымы ресімделді. Оқырмандар назарына «Елу жыл ел ағасы», «Тұлға. Д.А. Қонаев туралы естеліктер», «Менің уақытым туралы» және т. б., сондай-ақ «Мәңгі адам жадында» жинақ папкасы ұсынылған. Онда Қонаевтың отбасы, өмірбаяны, мансаптық өсуі, осы көрнекті тұлғаның Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі туралы деректі материалдар бар.