Федоров аудандық орталық кітапханасында «Тұлға. Шығармашылық. Өмір» тақырыбында қазақ жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденовтің туғанына 100 жыл толуына арналған кітап көрмесі ресімделді. Республиканың халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің романдарында, повестерінде, әңгімелерінде көрініс тапқан халықтың жаны сөйлейтін сөздің тасымалдаушысы болды. Көрмеде оның «Дала қыраны» «Жыл құстары», 5 томдық шығармалар жинағы, әңгімелер, повестер мен пьесалар, сондай-ақ өмірбаяндық мазмұндағы деректі материалдары бар, сонымен қатар С.Шаймерденов жайында жинақталған тақырыптық папкасы ұсынылды.