«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

Алаш көшбасшысы тарих беттерінен

Вівторок, 25 січня 2022

Биыл біздің еліміз «Алаш» қозғалысының құрылғанына 105 жыл толуын атап өтуде. Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары осы оқиғаға «Алаш көшбасшысы тарих беттерінен» бейнеэкскурсын арнады. Онда «Алаш» қайраткерлері ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу негіздерін қалағаны туралы айтылады. Бұл қозғалыс ХХ ғасырдың басында пайда болып, қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің шарықтау шегіне айналды. «Алаш» партиясы ұлттық демократияның бастауында тұрды. Қозғалыстың орталығы 1917 жылғы шілдеде ұйымдастырылған жалпыұлттық «Алаш» партиясы болды. Қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Бөкейханов, М. Шоқай, М. Тынышпаев, М. Дулатов және басқа да ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осы алғашқы жалпыұлттық саяси ұйымды дайындау және құру үшін көп күш жұмсады. «Алаш» қайраткерлерінің бүкіл өмірі қазақ халқының егемендігі идеяларына арналған.