Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары қазақ қоғам және саяси қайраткері, Алаш партиясының мүшесі, ағартушы, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай пайдаланушылардың назарына «Ахмет Байтұрсынұлы-Отан адамы» тақырыбында виртуалды көрме-досьені ұсынды. Көрме материалдары ғалым, мемлекет қайраткері, әдебиетші, журналист, «Алаш» қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының сан қырлы қызметін ашып көрсетеді. Көрмеде келесі кітаптар: Әбдіманұлы Ө. «Ахмет Байтұрсынұлы: Зерттеу-эссе», «Ұлт рухы: қанатты сөздер», «Ахмет Байтұрсынұлының тіл танымдық мұрасы», А.Байтұрсынұлының «Шығармалары» және т. б. басқа да еңбектері ұсынылды.