15 ақпан-Ауғанстаннан Әскер күштерінің шығарылған күні. Бұл күні ел «ауған» әскерлеріне және басқа да соғыс ардагерлеріне, жер шарының түрлі аудандарында «ыстық нүктелерден» өткендердің барлығына құрмет көрсетеді. Федоров орталық аудандық кітапханасында «Ауғанның отты жылдары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде өз борышын соңына дейін орындағандардың жауынгерлік өткені туралы баяндайтын материалдар ұсынылған, біздің жерлестеріміз-федоровкалықтар ауған соғысына қатысушылар жайында тақырыптық папка бар. Оқырмандар авторлардың, сол соғыстың куәгерлері – А.Дышевтің «Барлау», Н.Стрельцованың «Ауғанстаннан оралу», А. Прохановтың «Светлей лазури» және т. б. шығармаларымен, сондай-ақ авторлар ұжымының «Ауған соғысы: бұл қалай болды», С. Бақытбековтың «Тағдыр тозағы», А. Жантасовтың «Екінші мұсылман» және т. б. деректі және көркем шығармаларымен таныса алады.