«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

Ал, қанекей қыздар!

Середа, 09 березня 2022

Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы 2-сынып оқушыларымен « Ал, қанекей,қыздар!» мерекелік іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында ұлдарға гүлдер туралы жұмбақтарды шешу, түрту арқылы қол сөмкесінде қандай заттар бар екенін анықтау тапсырылды, қыздар «Жас қожайындар» байқауында өздерін көрсете білді, ал «Құттықтаймын» сайысына жұптар қатысты: ұлдар жұбына алжапқыш кигізіп, орамал байлап, тізе бүгіп, гүл сыйлауы керек болды. Балалар барлығына күлкі сыйлап, мереке соңында ұлдар қыздарды өлең түрінде құттықтап, оларға естелік кәдесыйлар табыс етті.