Федоров орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы 11 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін Қазақ даласының аңызы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Оның есімі халық жүрегінде» әдеби-музыкалық салонын өткізді. Кітапханашы атақты әншінің өмір жолы, шығармашылығы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы концерттік қызметі, әншінің миллиондаған халықты өз дауысымен бағындырып, көптеген марапаттарға ие болғаны туралы әңгімеледі. Іс-шара Роза Тәжібайқызының фотосуреттері, сөйлеген сөздерінен үзінділер ұсынылған «Қазақтың бұлбұлы Роза Бағланова» тақырыптық бейнеролигімен толықтырылды. Кітапханашы сондай – ақ 22-29 наурыз күндері «Қазақ» газетінде Роза Тәжібайқызы мен оның тағдырына арналған көркем фильмнің түсірілімі туралы жазылған «Өнермен өрілген өмір» және «Роза Бағланованың өмірін баяндайтын телехикая» атты мақалалардан үзінділер оқып берді.