«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

«Оқитын мектеп» жобасы аясында Новошумный ауылдық кітапханасында 3 сынып оқушыларымен «Оқу» еліне қызықты кітап саяхаты өтті. Балалар келесі тапсырмаларды орындады: викториналық сұрақтарға жауап берді, ертегіні болжап, ертегі әліпбиін атады, суреттер жинады, кітаптың жарнамасын жасады, т.б. «Репка», «Конек-горбунок», «Ядро Мюнхгаузена», «Змей Горыныч» атауларымен өткен ертегі эстафеталары өте қызықты өтті. Балалар көтеріңкі көңіл-күйге ие болды. Ойын соңында диплом алған сыныптың үздік оқырмандары марапатталды.