Байқаулық-ойын бағдарлама
Халықаралық Отбасы күніне орай аудандық балалар кітапханасында аналар мен олардың балаларына арналған «Отбасы бақыт мекені» байқаулық-ойын бағдарламасы өткізілді.
Байқауға Павлов және Задорожных отбасылары қатысты. Іс-шара ойын түрінде өтті және қызықты байқаулардан тұрды: «Бұл керемет!» онда балалар мен аналар отбасын қолдаудың маңыздылығын көрсетті, «Үй салу» өздерінің арманындағы үйдің интерьерін салу, «Кір қыстырғыш жина» - аналар жасырын көзбен балаларына кір қыстырғыштың белгілі бір санын жинады және тағы басқа да ойындар жүргізілді. Достық және үй жағдайында балалар мен ата-аналар табиғи және көңілді бола бастады. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар «Ең көңілді отбасы» - Павловтар отбасы, «Ең белсенді отбасы» - Задорожных отбасы номинациялары бойынша грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.