Кітап көрмесі
31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осы күнге Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Қайғылы тағдырлардың естелік беттері» тақырыбында кітап көрмесін рәсімдеді. Көрмеде ұсынылған кітаптар мен деректі материалдар сталиндік табыну жылдары, заңсыздықтар мен қуғын - сүргіндер туралы, қуғын-сүргіннен өткен адамдардың өз еліне деген ерекше табандылығы мен адалдығы жайында, саяси қуғын-сүргін құрбандарына орнатылған ескерткіштер туралы ауыр және қатал уақыт туралы мәліметтерді қамтиды.Құрастырушы М.Қойгелдиевтің «Қызыл террор: Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихынан» кітабында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағат қорларынан алынған түпнұсқа деректі материалдар ұсынылған. олар оқырмандарға сол жылдардағы қуғын-сүргіннің абсурдтық, мағынасыз сипатын түсінуге мүмкіндік береді.
Саяси реперсиялар құрбандарының «Қайғылы тағдырлар беттері» жыр жинағында қуғын-сүргінге ұшыраған, сталиндік тозақтың барлық орталарынан өткен бұрынғы КСРО-ның азаматтары мен олардың отбасыларының естеліктері жарияланады. «Қайғы кітабы: ату тізімдері» Қостанай облысының аумағында 1930-1950 ж. ж. саяси айыптау бойынша атылған адамдардың тізімдерін қамтиды. Сонымен қатар көрмеде «Алаш» партиясының құрылу тарихы, «Алаш Орданың» көшбасшылары мен көрнекті қайраткерлері туралы материалдар ұсынылды: «Алаш Қозғалысы»-авторлар ұжымы, «Алаш көсемсөзі» он томдығы, Д. А. Аманжолованың «Алаш: демократиялық таңдаудың тарихи мәні», Ж. Тұрсынның «Менің қасіретім, менің мақтанышым – Алаш!» және т.б.