«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 25.08.25

Ел рәміздері-тәуелсіздік рәміздері

П'ятниця, 27 травня 2022

Кітап көрмесіне шолу

Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимн біздің ортақ игілігіміз, қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның тарихына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген терең құрметтің қайнар көзі болып табылады. Біз өз рәміздерімізді қастерлеп, олардың мағынасын білуге міндеттіміз.ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай кітапханашылар оқырмандарға «Ел рәміздері – тәуелсіздік рәміздері» тақырыбында кітап көрмесіне шолу дайындап, өткізді. Көрмеде еліміздің рәміздері толық сипатталған ақпарат ұсынылған. Кітап және мерзімді басылымдар материалдары Тәуелсіз Қазақстан рәміздерінің құрылу тарихымен, ҚР Мемлекеттік рәміздері мерекесінің тарихымен таныстырады. Ұсынылған әдебиеттерде Мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы мәліметтер, олардың Ту мен Елтаңба эскиздерімен жұмыс туралы естеліктер ұсынылған. Кітаптар түрлі-түсті суреттермен, фотосуреттермен жабдықталған, олар мәтіндерге қосымша Қазақстан Республикасының тарихы мен қазіргі өмірін бейнелейді.