Блиц-турнирі
Аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының 30- жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздіктің ең биік құндылықтары» тақырыбында блиц- турнирі өткізілді. Іс-шараның мақсаты- өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру. Кітапханашы балаларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтап, оларды мемлекеттік рәміздер- елтаңба, ту, әнұран әлеміне қысқаша саяхат жасауға, олардың әрқайсысы туралы әңгімелей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы жне олардың қолданылу тәртібі жайында егжей- тегжейлі баяндады. Балалармен өткізілген блиц-турнирде мемлекеттік рәміздердің қалыптасуына қатысты сұрақтар; атрибутикалар мен олардың мағынасын білу; мемлекеттік рәміздердің авторларын және оларды қолдану тәртібін білу.