Автормен кездесу әрдайым мереке, мұндай әсерлер әдетте ұзақ уақыт есте қалады. Федоров аудандық орталық кітапханасында оқырмандар мен ауыл тұрғындарының қатысуымен жергілікті авторлар Величко Татьяна Романовна, Прудникова Наталья Ивановна және Гефель Елена Леонтьевнамен «Қалам ұшындағы шабыт» тақырыбында поэтикалық кездесу өтті. Бұл әйелдер күйбелең тіршілікке қарамастан өздерінің туған жерінің сұлулығына таңдануды, көпшілігіміз үшін таныс және көрінбейтін нәрсені көруді тоқтатпайды.
Олар туған өлкесін, қарапайым адам сезімдерін, тіпті соғыс тақырыбын қалдырмай поэтикалық сөзбен айтады. Авторлар шығармашылық үшін шабыт деген не, жазуға қандай тақырыптар қолайлы екендігі туралы айтты. Қатысушылардың өтініші бойынша өз шығармаларын оқып, сұрақтарға жауап берді. Тыңдаушылар қызықты кездесу үшін алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс пен таусылмайтын шабыт тіледі және осындай кездесулер жалғасын табады деген үміттерін білдірді.