Жақында біздің өмірімізге тағы бір керемет мереке – Әкелер күні кірді. Әке – әркімнің өміріндегі басты адам, бұл отбасының тірегі, иесі және қорғаушысы. Әкелер күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Танысыңыз – бұл менің әкем!» онлайн акциясын өткізді. Музыкалық сүйемелдеудегі бейнесюжетте әкелерімен, аталарымен, туған-туысқандарымен түскен фотосуреттері бар.
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=oAP0Ux6lNGE