Кітапхана жұмысының маңызды бағыты нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары жыл сайын 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық есірткі құралдарына және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Есірткі: дабыл аумағы» бейнеақпаратын дайындады. Онда есірткінің адам ағзасына зиянды әсері, есірткіні қолданғаннан кейін тез тәуелді болатыны туралы айтылады. Қазір нашақорлық миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқан індет ауқымына ие болды. Сондықтан бұл тәуелділікке қарсы тұру өте маңызды.