Қазақстан-көп ұлтты ел, біздің басты жетістігіміз-толеранттылық, тату көршілік, барлық халықтар мен конфессиялар өкілдерінің дәстүрлері мен мерекелеріне құрметпен қарау. Құрбан айт мерекесі бүкіл әлемдегі мұсылмандар үшін қасиетті. Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Құрбан айт – жақындарға қамқорлық көрсету мерекесі» тақырыбында қызықты хабарлама іс-шарасын өткізді. Оқырмандарға мереке туралы кітаптармен танысу ұсынылды, сондай-ақ оның пайда болу тарихы, Құрбан айтпен байланысты салт-дәстүрлер жайында айтылды. Мерекенің бірінші күні мешіттерде айт намазы оқылады, ал діндарлар бір-бірін құттықтауға және дастарханға шақыруға тырысады. Бұл күні ең жақсы киімдер киіледі, бір-бірін құттықтайды, қателіктерді, реніштерді кешіреді.