Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы астана күніне арналған «Нұр – сұлтан-қуаныш пен шаттық астанасы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапханашы қатысушыларды осы қаланың құрылысы басталған сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жолының бірегей бейнесімен таныстырды. Көрменің қонақтары мен тыңдаушылары кітапхана оқырмандары, сондай-ақ Баннов әкімдігі аппаратының ММ қызметкерлері болды. Кітаптармен танысу барысында қонақтар әсем астанамыз туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтермен танысты.