19 тамызда «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапхана жүйесі» КММ басшының м.а. Каракпаева А.О. Қостанай қаласындағы «Kostanay Book Fair-2022» кітап көрме – жәрмеңкесінің салтанатты ашылуына қатысты. Кітап көрме-жәрмеңкесі аясында кітап палатасының және кітап баспаларының өкілдерімен кездесулер, қостанайлық авторлармен : ақын, драматург Абылай Маудановпен, прозашы, экономика пәнінің мұғалімі Әбутәліп Әбдіхалықовпен, заманауи романдардың авторы Александра Согалаевамен шығармашылық кездесулер өтті, сондай-ақ Рудный ақыны Татьяна Маркованың шығармашылығымен танысу болды.