Ойын бағдарламасы
Балалар жылы аясында 17 тамызда «ФАӘББ Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ жазғы сауықтыру алаңының балаларымен «Ода Мюнхаузену» ойын бағдарламасы өткізілді. «Приключения барона Мюнхгаузена» - әлемдегі ең қызықты кітаптардың бірі. Балалармен ойнай отырып, біз екі ғасырдан астам уақыт бойы балалар мен ересектер үлкен қызығушылықпен оқыған кітаптың кейіпкері, Барон - фантазер туралы әңгімелестік. Балалар «Приключения барона Мюнхгаузена» мультфильмін тамашалап, викторина сұрақтарына белсенді жауап берді.