«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

«Жылдам оқуды қалай үйренуге болады»

П'ятниця, 26 серпня 2022

Шеберлік-сыныбы

Балалар жылы аясында аудандық балалар кітапханасында «Жылдам оқуды қалай үйренуге болады» тақырыбында шеберлік-сыныбы өтті. Шара барысында балалар жылдам оқудың не екенін, жылдам оқуды қалай үйренуге болатынын білді. Кітапханашы С. Маршактың «Первая книга» өлеңін оқудан бастады. Ары қарай балаларға кітапханаға келгенде кітапты қалай дұрыс таңдау керектігі туралы айтылды. Балалар кітапты таңдағанда оқу мақсатын, оны кітапханадан қалай табуға болатынын, іздену көзін анықтау керектігін білді. Кітапханада мынадай бірнеше дереккөздер бар: алфавиттік каталог, анықтамалық әдебиеттер, сөздіктер, энциклопедиялар және кітап көрмелерін де пайдалануға болады.