«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

Күнтізбе беттерін парақтай отырып. Қыркүйек

Четвер, 01 вересня 2022

Жарқын, шуақты жаз аяқталды, күз келді. Халық : «Қыркүйек – күздің қызаруы» - дейді. Федоров атындағы орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы «Күнтізбе беттерін парақтай отырып» онлайн жобасының кезекті шығарылымында күздің бірінші айына байланысты мерекелер, атаулы күндер және халықтық белгілер туралы айтты. Қыркүйек айында: кино суретшісі, Каз.СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Карловы Варыдағы халықаралық кинофестивальінің,Бүкілодақтық кинофестивальдердің жүлделері, Боровской кентінің тумасы Ыдырыс Есенғалиұлы Қарсақбаев,  беларусь жазушысы Александр Михайлович Адамович, жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай облысы, Жангелдин ауданының тумасы Төлен Әбдіков, аудармашы Еркінбай Әкімқұлов, орыс ақыны, жазушысы, драматург Алексей Константинович Толстой, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және М. Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанов және т.б. танымал тұлғалардың мерейтойлары тойланады.