«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

«Ұлттың ұлы ұстазы»

Вівторок, 06 вересня 2022

5 қыркүйекте Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Тілдер мерекесі  қазақ әліпбиінің  негізін салушы, Алаш арысы, Ұлт ұстазы, Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай өткізілді. 150 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық балалар кітапханасы «ФАӘББ Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ бірлесе отырып «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында  оқушыларға Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы екенін, жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асырылатынын, мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңірілетіні туралы ақпараттар берілді. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүру керек деген түйіндеме жасалды. Іс-шара слайд көрсетілімі арқылы өткізіліп, оқушылар А.Байтұрсынұлы туралы өлеңдер оқыды.