«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 22.08.25

«Жанашырлыққа - жан риза»

Понеділок, 10 жовтня 2022

Аудандық балалар кітапханасы қазан айының екенші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күні деп бекітілуіне орай «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ 7-сынып оқушыларымен  «Жанашырлыққа - жан риза» тақырыбында мейірімділік сағатын өткізді.    Іс-шараның мақсаты ерекше жандардың,  қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы екендігін балаларға түсіндіру болып табылады. Іс-шара барысында балалар тақырып бойынша бейне ролик қарап, жақсы мен жаманның, көркем мінездің, адамгершіліктің маңызы қандай рөл атқаратындығын түсінді. Сонымен қатар, балалар жүргізілген ойынға  үлкен қызығушылық танытып, мейірімді әрі қамқор болуға уәде берді.

#zhanashirzhurek