Қырықтан астам поэзиялық жинақтардың, көркем очерктер мен аудармалардың авторы, қазақ ақыны Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына орай Новошумный ауылдық кітапханасында 9-сынып оқушыларымен « С.Мәуленовтің дала таңы» атты әдеби танымдық кеш өтті. Іс-шара С.Мәуленовтің «О,далам менің!» өлеңімен басталып, қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик тамашалау және кітапхана қорындағы кітаптарға шолу жасау ұсынылды. Іс-шара С.Мәуленовтің өлеңдерін оқумен аяқталды.