Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Баннов орта мектебінің 4 сынып оқушыларымен Дүниежүзілік Нан күніне арналған іс-шара өткізді. Кітапханашы балаларға нанның ең алғаш біздің эрамызға дейінгі 3000 жылы пісірілгенін, және Мысырлықтар астықты ұнға тарту үшін екі тасты пайдаланғанын айтты. Іс-шара барысында «Халық даналығының қоймасы» викторинасы өткізілді, онда нан туралы мақал-мәтелдер еске түсіріліп, жұмбақтар шешілді. Ал соңында барлығы бірге бидай сабағынан бума жасады. Бұған барлығы қатысты және нәтижеге барлығы риза болды.