Музыкалық кеш
28 қазанда аудандық балалар кітапханасында «Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева» тақырыбында музыкалық сағат өткізілді. Кітапханашылар осы әннің жазылу тарихы,композитор С.Бәйтереков пен ақын Б. Тәжібаев туралы әңгімеледі. Ән Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына арналып жазылған. Өзі іштей ізденіп толғанып жүрген Сейдолла сол жианқтың ішінен батыр қыз Әлияға арналған әнді көзі көрді. 19 жасар қыздың ерліктеріне таңқала отырып, көзіне жас алады. Өзінің ішкі үніне әннің мазмұны да сай келеді. Ақын Бәкір Тәжібаевпен келісе отырып, өзінің ойында жүрген әуенге лайықты «Әлия» әнін шығарады. Осылайша «Әлия» әні пайда болады. Сөйтіп, осы әннің бағын Роза Рымбаева ашады. Қазақ қызының ерлігін паш еткен ән жеңіске жетеді. 19 жасар қыздың өзі айтып тұрғандай бұл ән өте әсерлі шығады. Халық әлі күнге дейін орнынан тік тұрып, көздеріне жас алып тыңдайды. Іс-шараның мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі мен Р.Рымбаеваның ән шығармашылығы арқылы балалардың рухани әлемін байыту, патриоттық қарым-қатынасты тәрбиелеу болып табылады. Іс-шараның соңында қатысушылардың назарына бейнеролик ұсынылып, балалар «Әлия» әнін бірге шырқап, белсенділік танытты.