«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 12.08.25

«Жаңа әліпби, жаңа білім»

П'ятниця, 26 січня 2018

 Копыченка ауылдық кітапханасында ауылдық кітапханашы ұйымдастырған «Жаңа қазақ әліпбиі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мәселені талқылау Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Мектеп мұғалімдері дөңгелек үстелге қатысты. Кіріспе бөлімде кітапханашы қатысушыларды мемлекет басшысының мақаласымен таныстырды. «Қазақ латыны» бейнесі көрсетілді, латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты - жаңа графиканың күрделілігін анықтау үшін жаңа алфавиттік жобаны түсіндіру. Қатысушылар, бекітілген әліпбиімен танысып, талқылауға қатысты. Сондай-ақ, жұмыс барысында латын графигінде қазақ тілінің жаңа әліпбиінің жобасымен танысуға бағытталған «Өзіңнен баста» атты акция өтті. Іс-шара аясында дөңгелек үстелге қатысушыларға өздерінің  аты-жөнін латын әріптерімен жазуларын сұрап  және естелікке суретке түсіруге ұсынды. Қатысушылар осы акцияға қатысып өз ойларымен бөлісті. Бұл іс-шара өте қарқынды түрде өттті және  барлық қатысушылар біздің Президентіміздің саясаты еліміздің эволюциялық дамуына толықтай бағытталған деген ортақ  пікірге келді.