Біздің кітапханамыздың пайда болу тарихы сонау 1917 жылдан бастау алады. 100 жылда тарихтың айтулы оқиғаларын бастан кешірді: мемлекет өзгерді, дәуір өзгерді, оқырмандар мен кітапханашылар легі өзгерді, кітаптар мазмұны бірнеше рет өзгерді - ал орталық аудандық кітапхана осы жылдар бойы кітапты жақсы көретін, қарым-қатынастарды бағалайтын, шығармашыл адамдарды өзіне тартты және тартуын жалғастыруда. Кітапхана өзінің жұмыс істеу бағытында бос уақытын тиімді пайдалану үшін, ақпараттарды, білімді, мәдени дамуының өсуіне және адамдардың қарым-қатынас жасауына мүмкіндіктер береді. 12 қаңтарда аудандық Мәдениет үйінде, содан кейін кітапханада Федоров ауданының орталық кітапханасының 100 жылдығына арналған «Заманауи қоғам мен кітапхана мақсаты өлкетану мәдениетінің орталығы» тақырыбында форум өткізілді. Мерейтойға көптеген қонақтар жиналды: ауыл тұрғындары, достары, оқырмандар мен пікірлестер келді, сонымен қатар мерекеге облыс кітапханаларының өкілдері де келді. Форум қатысушылары үшін көптеген бағдарламалар ойластырылып, әзірленді. Іс-шараның салтанатты бөлімінде «Кітапхананың мерейтойлық жолағы» бейнефильмі көрсетілді, қатысушылар ауданның негізгі кітапханасының тарихымен танысты. Кітапхананың мерейтойы - өз өмірлерін кітапханаға қызмет етуге арнаған кітапханашылар мен ардагерлерге, сондай-ақ олардан эстафетаны қабылдап алып жатқан жастарға алғыс айту мүмкіндігі деп білеміз. Көптеген жылы сөздер, құттықтаулар айтылып, музыкалық номерлер орындалды және ең үздіктер марапатталды. Қонақтармен кітапхана бойынша саяхат ұйымдастырылды. Назарларына мынадай кітаптар көрмесі ұсынылды: «Біз бұл күнді мақтан тұтамыз», «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы», «Астана - бірлік пен тәуелсіздік символы» және т.б. Іс-шара «Федоров ауданы – еңбекшілер өлкесі» жаңа кітабының тұсаукесерімен аяқталды. Алда үлкен жұмыстар мен үлкен жетістіктер бар. Кітапхана ертеңгі күнге үлкен сеніммен қарайды және 100 жыл ол үшін мүлде аз уақыт. Бұл жаңа, жемісті, шығармашылық өмірдің басы ғана. Сондықтан оған ақ жол тілейміз!