«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 19.08.25

Наурыз – бейбітшілік пен мейрімділіктің мерекесі

П'ятниця, 17 березня 2023

Наурыз - көктемнің тууы, көктемгі жаңару мерекесі дегенді білдіреді. Бұл шын мәнінде жалпы халықтық мереке, республика халықтарының достығы мен бауырластығын нығайту мерекесі. Новошум ауылдық кітапханасында «Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі» атты мерекелік викторина өтті. Балалар викторина сұрақтарына қуана жауап берді, содан кейін «Наурыз-мейрамы» бейнеролигін тамашалады. Мереке қарсаңында кітапханада қазақы әуен шырқалып, оқырмандар «Наурыздың барлық бояулары» атты кітап көрмесімен танысты. Көрме киіз үй түрінде жасалған, онда ұсынылған әдебиеттер қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары мен мерекенің тарихынан сыр шертеді.