Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 5 сынып оқушыларына арналған Федоров аудандық балалар кітапханасында «Кітапхана театры» клубының қатысушылары «Алдар Көсе және Тазша бала» ертегісінің көрсетілімін ұйымдастырды. Кітапханашы оқушыларға қазақта жиі кездесетін күлкілі ертегілерінің бірі Алдар Көсе мен Тазша бала есімдерімен байланысты екенін айтты. Аңызға айналған әңгімелерде Алдар көсе бай, сараң адамдардың әрекеттерін мазақ етеді. Іс-шара барысында оқушылар ертегінің қойылымын жоғары деңгейде орындады.