«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 01.07.25

Отбасы – туысқан жүректердің одағы. Отбасының маңыздылығын атап өту үшін Халықаралық отбасы күні құрылды. Ол жыл сайын 15 мамырда атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Бейбітхан Айбекті жұбайы  Әнуар Гүлден мен  балаларын  және Сәрсенбаев Ренат Сұлтанмәжітұлын жұбайы Тұрсынова Әсел Серікқызы мен балаларын «Бірге бақыттымыз» отбасылық салонына шақырды. Іс-шараға қоғамдық ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Отбасылар өздерінің дайындаған отбасылық бейнероликтері мен презентацияларын көрсетті, дәстүрлері мен құндылықтары туралы әңгімеледі. Жүргізушілер қызықты ойын-сауық бағдарламасын дайындады: ойындар, викториналар, әсерлі музыкалық бейнероликтер, барлығына жақсылық пен бақыт тіледі. Кеш соңында шақырылған отбасыларға естелік сыйлықтар табысталды.