«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 01.07.25

«Балауса бағым, бақыт пен қуаныш ордасы!»

05.06.2023

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Федоров аудандық балалар кітапханасының қатысуымен «Тәуелсіздік» орталық алаңында  «Балауса бағым, бақыт пен қуаныш ордасы!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға ертегілер, әңгімелер, детективтер мен қиялдар, шытырман оқиғалар, ғылыми-танымдық әдебиеттер бар кітап көрмесі безендірілді. Көрме қуанышты балалық шақ әлеміне енуге, сүйікті кітаптардың кейіпкерлерімен кездесуге, мереке атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Қуанышты көңіл-күй қалыптастыру үшін Золушка, Карсон, сайқымазақ, әтеш және Жолбарыс костюмдеріндегі кітапхана қызметкерлері әртүрлі жастағы балаларға көңілді байқаулар, ойындар, жарыстар өткізді. Балалар ән айтып, би билеп, түрлі байқаулар мен ойындарға қатысты. Олар ойынға үлкен қызығушылықпен қатысып, сыйлықтарға ие болды! Жаз енді басталып, алда біздің кітапханада балаларды көптеген қызықты іс-шаралар күтіп тұр.