9 маусым күні орталық және балалар аудандық кітапханаларының кітапханашылары Федоров ауылындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен «Еліне, халқына сүйіспеншілікпен» атты шығармашылық кездесу кешіне қатысты. Кездесу тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы, Мәскеудегі Неміс мәдениеті орталығының ұйымдастырушысы және жетекшісі Ауман Владимир Андреевичпен өтті. Жерлесіміз Владимир Андреевичтің отбасы Федоров ауданы, Баннов ауылына жер аударылған. Ол немістерді оңалту жолында қоғамдық іс-шаралар жүргізеді, «Құжаттардағы орыс немістерінің тарихы» кітапбының авторы, тарихи деректі фильмдердің, ғылыми мақалалардың авторы, қазір де ғылыми жұмысын жалғастырып келе жатқан қамқор тұлға. Кездесуден естелік ретінде аудандық орталық кітапханаға кітаптар сыйға тартты.