«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

18 маусым - Қазақстанда Әкелер күні. Осы мереке қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасында«Әке – асқар тау!»  атты отбасылық қарым-қатынас сағаты өтті. Жоламановтар мен Налгиевтер А.С. отбасы жұбайларымен құрметті қонақ ретінде қатысты.

Қатысушыларды мерекемен құттықтап, оның шығу тарихын, Әкелер күнін тойлау дәстүрі қашан және қайдан шыққанын, бүгінгі күні қалай және қай елдерде тойланатынын айтып берді. Жоламановтардың орындауында музыкалық шығармалар орындалып, Нальгиевтер отбасы «Үй», «Ата-анаңа қонаққа кел» атты жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Іс-шара тақырыптық бейнеролик пен әсем әннің сүйемелдеуімен жылы, шынайы атмосферада өтті.

Отбасында әкенің оң әлеуметтік мәртебесін, адамгершілік-эстетикалық құндылықтарын, әкеге деген құрметін қалыптастыру – іс-шараның мақсаты.